USD
USD
USD

Алматыдағы жер сілкінісі кезінде шенеуніктер сапасыз хабарлау жүйесін орнатқан

Алматыда жер сілкінісі кезінде хабарлау жүйесінің істен шығуына байланысты жауапты шенеуніктер жазаланды.

ы
Фото: ашық дереккөз

Астана, NEGE. 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы қаласында жер сілкінісі болды. Алайда бұрын сатып алынған автоматтандырылған алдын ала ескерту жүйесі дұрыс жұмыс істемей, салдарынан халық уақтылы хабарланбаған.

«Алматы қаласының прокуратурасы Алматы қаласы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің қызметіндегі аталған жүйені сатып алудың заңдылығына тексеру жүргізіп, тексеру нәтижесінде бюджет қаражатын жымқыру белгілері анықталып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - делінген хабарламада.

Тергеу барысында «TNS-INTEC» ЖШС бас директорының жеке пайда табу ниетімен сапасыз жабдықты жеткізіп, орындалған жұмыстардың жалған актілерін рәсімдегені және осылайша аса ірі мөлшерде бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды.

Аталған қылмыстық іс бойынша Алматы гарнизонының әскери соты үкім шығарды.

Жабдықты қабылдау кезінде немқұрайлық танытқаны үшін Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының үш орынбасары, сонымен бірге жеткізілген жабдықтың сапасы мен сәйкестігіне тиісті бақылау жүргізбеген авторлық және техникалық қадағалау өкілдері қылмыстық жауапқа тартылды.

Сот барлық айыпталушыларды кінәлі деп танып, оларды бас бостандығынан айыру және мемлекеттік әрі квазимемлекеттік органдарда белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

Пәтер кілті

«Балапан» арнасы «продюсер зорлады» деген жігітке қатысты мәлімдеме жасады

Нұрғали Нұғман