27 наурызда қос Палатаның бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Мәжілістің баспасөз қызметі

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 27 наурызда сағат 10:00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.

Айта кетейік, бүгін, 20 наурызда өткен қос Палатаның бірлескен отырысында Алатау қаласының арнаулы мәртебесі туралы конституциялық заң жобасы таныстырылды. Заң жобасын таныстырған вице-премьер Қанат Бозымбаев Алатау офшорлық аймақ болмайтынын және өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен басқа бюджеттерге қаражат берілмейтінін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Ломбардтағы қарыздар соттан тыс банкроттық шартынан алынып тасталды

Алматыда дәрігерлер әйелдің іш қуысынан 25 келілік үлкен ісікті алды

Талдықорғанда зейнеткерден 5 келіден астам гашиш тәркіленді

Тоқаев Алматы әкіміне LRT мен SkyTrain-ді енгізу жұмысын жеделдетуді тапсырды