20 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Республикасы Парламент Палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

gov.kz

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2026 жылғы 20 мамырда сағат 10.00-де Астана қаласында шақырылсын», – деп жазылған өкім мәтінінде.

Еске салсақ, 15 мамырда өткен қос Палатаның бірлескен отырысында «Қазақстан Халық Кеңесі туралы», «Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» конституциялық заң жобалары қаралды.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «Орталық Азия – Қытай» форматы ортақ қауіпсіздіктің үйлесімді үлгісі болуы қажет

Курчатов қаласында балабақшаның 75 қызметкерінің жеке дерегі тарап кеткен

Қасым-Жомарт Тоқаев Олжас Сүлейменовті 90 жас мерейтойымен құттықтады

Атырау облысындағы отбасы қазасы: прокурор оқиғаның мән-жайын айтып берді