7 Ақпан 15:07

Сириядағы жер сілкінісі кезінде түрмеден 20-ға жуық тұтқын қашып кетті

Фото:

Сириядағы әскери полиция түрмесінде жер сілкінісінен кейін тәртіпсіздік болып, ғимараттан «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшелері болуы мүмкін 20-ға жуық тұтқын қашып кетті, деп хабарлайды Франс Пресс.

Алматы, NEGE. Түрме қызметкерінің айтуынша, жер сілкінісінен кейін тұтқындар көтеріліске шығып, түрменің бір бөлігін өз бақылауларына алған.

Жер сілкінісі кезінде түрменің қабырғалары мен есіктері қираған. 

Сирияның Түркия шекарасындағы бұл түрмеде барлығы 2 мыңға жуық адам отыр, оның 1,3 мыңы «Ислам мемлекеті» ұйымының содырлары болуы мүмкін.

Тегтер: