7 Мамыр 00:15

Қазақстандық дипломаттың әйелі 10 жылдан бері күйеуінен қорлық көріп келе жатқанын айтты

Карина Мамаш
Фото: NeMolchi kz

Қазақстандық дипломаттың әйелі күйеуінен 10 жыл бойы қорлық көргенін айтты, деп хабарлады  «NeMolchi kz».

Алматы, NEGE. Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі Карина Мамаш видеоүндеу жасап, күйеуінен қорлық көргенін айтты.

«Мен Мамаш Карина Госманқызы БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін. 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келемін. Мен жұбайымның маған көрсеткен бүкіл қорлығы үшін дипломат мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Ол маған физикалық, жыныстық, эмоционалды, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті», - деді ол.