17 Мамыр 15:53

Путин Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Фото:

Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жасқа толған мерейтойымен құттықтады, деп хабарлайды Кремльдің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. «Телефон арқылы сөйлесу барысында Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты 70 жасқа толған мерейтойымен шын жүректен құттықтады. Орыс-қазақ одақтастық қатынастарын одан әрі нығайтуға және барлық салаларда өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге өзара келісімі расталды. Бұған дейін Ресей президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын», - делінген хабарламада. 

Тегтер: