26 Сәуір 16:10

ҰҚК Алматы облысында заңсыз зертхананы әшкереледі

ҰҚК
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Алматы облысында психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана жойылды, - деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 2024 жылғы 17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті.

"Тінту барысында шамамен 35 келі синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар жәнезертханалық жабдық алынды. Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр", - делінген хабарламада.

Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.