5 Мамыр 15:54

Техас штатын топан су басты

ces
Фото: 24.kz

Жұмада басталған толассыз жауыннан Техас штатының оңтүстік-шығыс аудандарын тасқын су басты, деп хабарлайды 24.kz.

Алматы, NEGE. Дауылдар Полк, Монтгомери, Либерти және Харрис аудандарын жайлаған. Салдарынан өзен, көлдер арнасынан тасыды. Сан-Хасинто өзенінің шығыс тармағындағы су максималды деңгейге жеткен. Құтқарушылар 400-ден астам адамды суда қалған үйлерінен және жолдарда құтқарып қалды. Ал синоптиктердің болжамы бойынша жексенбі күні де қатты жаңбыр күтілуде.

Тасқын су кейбір үйлердің шатырына дейін жеткен. Шенеуніктер өзеннің шығыс жағалауындағы тұрғындардың барлығына міндетті эвакуация жариялаған болатын. Алайда көп адам ескертуге құлақ аспаған. Сондықтан арнайы қайықтарға мінген құтқарушылар су басқан көшелермен үй-үйді аралап, көмекке мұқтаж жандарды іздеді.

РайанХолл, бақылаушы:

- Бұлменіңкарьерамдакөргенеңқаттытасқын. Өзім осы жердің тумасымын, өзен суының осыншама биік көтерілген кезі есімде жоқ. Кеше техасстық бақылаушылар 100-ден аса адамды құтқарды. Қалғанын біздің жергілікті серіктестеріміз бен өзге де мемлекеттік ұйым өкілдері құтқарды.

Сан-Хасинто өзені су басқармасының мәліметінше, соңғы аптада Конро көлінің маңайына 50 см жауын-шашын түскен. Қатты жаңбыр салдарынан бөгеттегі су мөлшерінен асып, тасыған соң жырып ағызуға мәжбүр болған.