25 Сәуір 16:41

Полиция қызметкерлерін көлігімен соққан жүргізуші жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Полиция
Фото: Полиция

Оқиға 24 сәуір күні Қостанай облысының Қарабалық кентінде болған.

Алматы, NEGE. Жол қозғалысы ережелерін бұзған 64 жастағы ауыл тұрғынына екі полиция қызметкері ескерту жасаған. Алайда, олардың заңды талаптарына бағынбай, сақшыларды сүйреп, оқиға орнынан қашуға тырысқан. Екеуі де түрлі дене жарақаттарын алған.

Полицейлердің денсаулығына зиян келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалып, нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады.