2 Мамыр 19:39

Қырғызстанда жүк көлігі 29 оқушыны басып кетті (видео)

Қырғызстан
Фото: видеодан

Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданында ашық аспан астында «Манас» жырын айтып тұрған 29 оқушыны балмұздақ сататын жүк көлігі басып кетті. 

Алматы, NEGE. Оқиға 2 мамырда сағат 13:30-да болған. Зардап шеккендер 9-дан 16 жасқа дейінгі оқушылар. 7 бала ауыр хәлде аурухананның жан сақтау бөліміне түсті.

Жүк көлігінің ішінде жүргізуші болмаған.