12 Сәуір 15:16

Қазақстанда заңсыз жүрген Африка азаматтары елден шығарылды

Африка азаматтары
Фото: Полиция

Қазақстанда заңсыз жүрген Африка азаматтары елден шығарылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алматылық көші-қон қызметінің мәліметінше, Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін ұсталған Африка құрлығы елдерінің 15 азаматы елден шығарылды.

– Аталған шетелдіктер біздің елде болған кезінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған, атап айтқанда, заңда белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпай, сот қаулысымен мемлекетімізден шығару түріндегі әкімшілік жазаға тартылды. Ол бірнеше кезеңмен өтеді, – деді Алматы қалалық ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Асхат Бутунчинов.