20 Сәуір 12:21

Дзюдодан Азия чемпионаты: 4 қазақстандық спортшы қола медальға таласады

Дзюдо
Фото: Olympic.kz

Дзюдодан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатының бірінші жарыс күнінде қазақстандықтар финалға шыға алған жоқ, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE. 48 келідегі Абиба Әбужақынова, 60 келідегі Нұрқанат Серікбаев, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев пен Жанарыс Рахметқали турнирдің жартылай финалында жеңілді.

Енді олар Азия біріншілігінің қола жүлдесіне таласады.

Ал Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов ширек финалда жапониялық Тайки Накамурадан шидо саны бойынша ұтылып қалды.