27 Сәуір 10:18

БҚО-ға көмекке барған әскери қызметкерлер өз қаласына қайтты

Су
Фото: 24.kz

Батыс Қазақстан облысына көмекке барған Төтенше жағдай мен Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ұлттық ұланға қарасты әскери бөлімдердің 3 мыңдай қызметкері бүгін өз қаласына аттанды, деп жазды 24.kz.

Алматы, NEGE. Жан-жақтан жедел жеткен күштік құрылымдардың және жергілікті еріктілердің арқасында 20 күнде облыс орталығы мен 84 елді мекенде 140 шақырымдай дамба тұрғызылды, бұрынғы бөгеттер нығайтылды.

Ресейдегі Иректі су қоймасынан мол су тасталуына байланысты биыл Жайық өзені 10-11 метрге дейін көтерілуі мүмкін делінген еді. Алайда «Қазгидрометтің» болжамы келмеді. Дария деңгейі 8 метр 65 сантимерден аспады. Соңғы 4 тәулікте өзен 10 сантиметрге түсті.

Бақытжан Нарымбетов, БҚО әкімінің орынбасары:

– 3 мыңнан астам әскерилер келіп, үлкен қолдау көрсетті. Бұл Батыс Қазақстан облысында 84 елді мекеннің қауіпсіз қалуына, халқымыздың аман-сау қалуына үлкен септігін тигізді. Сол үшін барша келген қолдаушыларға, әскерилерге құтқарушыларға БҚО атынан алғыс білдіреміз.