6 Мамыр 10:37

Қазгидромет: Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Көктем
Фото: ғаламтордан

Найзағаймен жаңбыр жауады, түнде елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында қатты жаңбыр жауады. Тек солтүстікте, елдің орталығында жауын-шашынсыз ауа райы.

Алматы, NEGE. Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста – дауыл, оңтүстік-шығыста – бұршақ, солтүстік-батыста, оңтүстікте, орталықта – тұман.

«Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында, Қостанай облысында 1-6 градус үсік сақталады, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды облыстарында 3 градус үсік жүреді», - деді «Қазгидромет» РМК баспасөз хатшысы Алина Исмагулова.

Сонымен қатар Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Ұлытау, Қызылорда, Ақтөбе облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады. 6-7 мамыр аралығында қатты жауын-шашын болжамына байланысты Жетісу облысының тау және тау етегіндегі аймақтардағы өзендерде су деңгейінің көтерілуі, сонымен қатар судың жайылуы мен су басуы мүмкін.