30 Сәуір 09:30

Бас прокуратура Ерлан Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады

Тұрғымбаев
Фото: ғаламтордан

Бұған дейін NEGE порталы Ерлан Тұрғымбаевтың 29 сәуірде ұсталғанын хабарлаған болатын. Бұл деректі көптеген БАҚ көшіріп басты. Ал бүгін Бас прокуратура Тұрғымбаевтың ұсталғанын растады.

Алматы, NEGE. «Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы 2022 жылғы қаңтардағы оқиғаларға байланысты қылмыстық істерді тергеуді жалғастырып жатыр.

2024 жылдың 29 сәуірінде ауыр зардаптарға әкеп соққан билік пен лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдаланғаны үшін (ҚК-нің 362-бабы 4-бөлігі) Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы тәртібінде ішкі істер экс-министрі Е.З.Тұрғымбаев ұсталды», – делінген хабарламада. 

Қылмыстық істе мемлекеттік құпиялар бар мәліметтердің болуына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етуге жатпайды.