17 Сәуір 18:02

«Бар мүлкімді Назымға, балаларыма сыйлаймын» – Сотта Бишімбаевтың оқиға күні түскен видеожазбасы көрсетілді

Бишімбаев
Фото: Жоғарғы сот

Астананың мамандандырылған ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың әйелін өлтіру ісі бойынша кезекті сот отырысы өтіп жатыр.

Алматы, NEGE. Сот отырысында Қуандық Бишімбаевпен қатар айыпталып жатқан Бақытжан Байжановтың ұялы телефоны тексерілді. Ұялы телефон ішінен Салтанат Нүкенованың өлімі болған күні түсірілген Қуандық Бишімбаевтың видеоға түсірілген өсиеті көрсетілді. 

Видеоны сол күні жедел жәрдем қызметі келгеннен кейін Бақытжан Байжанов түсіріп алған.

«Бар затымды, бар мүлкімді, бар шотымды балаларыма сыйлаймын, Назымға сыйлаймын. Балаларымды асырасыншы. Мансұр, Карим, Ранияға сыйлаймын. Осыны айтамын», - дейді Бишімбаев видеода.