28 Сәуір 15:32

Димаш өзінің жаңа әніне түсірген бейнебаянынан үзіндіні көрсетті

Жаңа ән
Фото: ғаламтордан

Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген жаңа әніне түсірген бейнебаянын бөлісті. 

Алматы, NEGE. Ол видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялады.

"Құрметті достар! Жаңа Smoke әніме бейнебаянның шығуына орай біз жақсы көңіл-күй үшін бейнебаянның бір бөлігін көрсетуді ұйғардық. Бұл сіздерді жалықтырып алмайды деп сенемін. Жақында Будапештте және Стамбулда көрісеміз. Жаңа әнді концертте тыңдағыңыз келе ме? Сіздермен кездесетін сәтті күтемін" - деп жазды әртіс.

Димаштың жанкүйерлері бейнебаянға жоғары баға беріп, оның Венгриядағы концерттерін асыға күтетінін айтты.