2 Сәуір 14:21

Елімізде ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы басталады

Баспана
Фото: ғаламтордан

Ауыл тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасы мамырда іске қосылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

Алматы, NEGE. «Қазіргі уақытта бұл бағдарламаға «Отбасы» банкі 300 млрд теңге тартып жатыр. Бұл - бағдарламаның жалпы мөлшері. Халықтың әлеуметтік жағынан аз қамтылған санаты үшін мөлшерлеме 7 пайыздан аспайды», - деді Қанат Шарлапаев Үкімет отырысынан кейінгі брифингіде.

Оның атап өтуінше, алдағы мамыр айында бағдарламаның барлық шарты жария етіледі.

«1 мамырда бағдарламаның барлық шартын толықтай жария етеміз. Ол 1 мамырдан басталады. Қазіргі уақытта оған нарықтан қаражат тартып жатырмыз. Тек аздаған уақыт қажет. Сондықтан бағдарлама 1 мамырдан басталады. Министрлік пен «Отбасы» банкі қызметкерлеріне тағы бір мәрте жеке баспасөз мәслихатын өткізіп, бағдарлама жайында айтып беруді өтінеміз», - деді министр.