19 Сәуір 10:59

Атырауда әлдебіреулер Жайық жағасынан құм толтырылған қапшықтарды ұрлады

Атырау облысы ПД
Фото: Атырау облысы ПД

Атырауда Жайық жағасынан құм толтырылған қапшықтарды ұрлағандар ұсталды, деп хабарлады Kazinform. 

Алматы, NEGE. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, оқиға 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында болған.

«Жайық өзенінің жағалауындағы бөгетті бекітуге дайындалған құм толтырылған қапшықтарды ұрлаған күдіктілер ұсталды. Күдіктілер – 4 ер, бір әйел. Ерлердің жасы 32, 37, 38 және 42-де, ал, әйелдің 34 жаста екені анықталды. Олар алдын ала ақылдасып, құм толтырылған қапшықтарды көлікке тиеп тасыған» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір күдіктілерге қатысты жымқыру дерегімен қылмыстық іс қозғалды.