26 Сәуір 18:46

Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылды

Lada.kz
Фото: Lada.kz

Каспий жағалауында өлі итбалықтар табылды, - деп хабарлайды Lada.kz .

Ақтау, NEGE. Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының Маңғыстау облысы бойынша Балық инспекциясы басқармасы мәліметінше, 25 сәуірде Түпқараған ауданындағы Каспий теңізі жағалауында 12 өлі итбалық табылған.

"Инспекция мен жергілікті атқарушы органдардың, гидробиология және экология институтының өкілдерінен тұратын жұмыс тобы итбалықтар табылған орынға шықты. Табылған өлекселер қатты шіріген күйде болды, бұл олардың өлімі қыс мезгілінде болғанын және осы уақыт ішінде суда болған деп болжауға негіз береді. Олар 23 сәуірде басталған және бүгінгі күнге дейін жалғасып келе жатқан Батыс дауылы салдарынан жағаға шыққан", - делінген хабарламада.

Бөлім мамандары сынама алуға болатын жалғыз үлгілерден Гидробиология және экология институтының қызметкерлері тиісті зертханалық зерттеулер жүргізу үшін ішкі ағза тіндерін, сондай-ақ азу тістерді алғанын атап өтті.

Тегтер: