25 Сәуір 10:22

Алматының түнгі ойын-сауық орындарының бірінде арнайы операция өтті

Алматы қаласының прокуратурасы
Фото: Алматы қаласының прокуратурасы

Алматы прокуратурасының бастамасы бойынша ҰҚҚБ қызметкерлері қаланың түнгі ойын-сауық орындарының бірінде есірткі заттарын тарату жөніндегі қызметтің жолын кесті.

Алматы, NEGE. Арнайы операция нәтижесінде жұмыс орнында синтетикалық «мефедрон» есірткісін сатқан 21 жастағы лаундж-бардың қызметкері (кальяншы) ұсталды.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.