20 Сәуір 16:11

Алматы облысында колонияға тыйым салынған заттарды лақтырмақ болған ер адам ұсталды

Полиция
Фото: Полиция

Алматы облысында колонияға тыйым салынған зат лақтырмақ болған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алматы облысының ҚАЖД қызметкерлері тыйым салынған заттарды колонияға лақтыру фактісінің алдын алды. Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №12 мекеме қызметкерлері тыйым салынған заттарды колония аумағына лақтырмақ болған ер адамды ұстады.

Оқиға орнынан скотчпен оралған 5 түйіншек анықталды.

Түйіншектердің ішінен әр түрлі маркалы 15 телефон, 3 құлаққап, 1 сымсыз құлаққап, wi-fi роутер, 1 сымсыз зарядтағыш құрылғы және 0,5 литр көлемінде құрамында алкоголь бар зат тәркіленді.

Ұсталған адамның жеке басы анықталып, болған жәйтқа қатысты материалдар Қонаев қаласының полиция бөліміне жіберілді.