19 Сәуір 16:16

Ақтөбеде шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктер ұсталды

Полиция
Фото: Полиция

Ақтөбеде полицейлер мен шекарашылар мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған шетелдіктерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Полиция департаментіне елорданың жоғары оқу орындарының бірінің жеті студентін – Ауғанстан азаматтарын іздеуге көмек туралы өтініш келіп түсті.

Студенттер оқудан шығарылғаны және өз елдеріне қайтарылуы тиіс екендігі анықталды. Алайда, қолда бар ақпараттар бойынша шетелдіктердің мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту жолымен Ресей Федерациясына кетуге ниетті екендігі және қазіргі уақытта Ақтөбе қаласында жасырынып жүргені белгілі болды.

Полиция қызметкерлері қонақ үйлер, жатақханалар мен жалдамалы пәтерлерді тексерді. Жүргізілген іс-шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген адамдар Ақтөбе қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінен табылды. Шетелдіктер полицияға жеткізіліп, елордалық әріптестеріне табысталды.