20 Сәуір 09:18

Ақмолалық әйел 2 жасар немересін өлтірді деген күдікке ілінді

Бала
Фото: ғаламтордан

Баланың денесі есіктің алдындағы бақшадан табылған.

Алматы, NEGE. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі кезде күдікті ұсталып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

«Баланың өліміне күдікті ұсталып, уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», – делінген полиция хабарламасында.

Полиция өзге ақпаратты жарияламады.

Әлеуметтік желіде 2018 жылы туған баланың 2020 жылы қайтыс болғаны және сол кезде жас шамасы 2-де екені айтылған. Сондай-ақ, 65 жастағы әжесінің немересін бау-бақшаға жерлегені туралы мәлімет тарады.

Баланың ата-анасы туралы ақпарат жоқ.