8 Мамыр 14:46

Голан жоталарында Қазақстанның Мемлекеттік туы көтерілді

Бітімгерлік миссия
Фото: ҚР Қорғаныс министрлігі
Голан жоталарындағы Фауар бітімгерлік базасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеру салтанатты рәсімі өтті.

Алматы, NEGE. Отан қорғаушы күні орын алған бұл тарихи оқиға символдық маңызға ие.

Салтанатты іс-шараға миссия командирі генерал-лейтенант Курмал Нирмал және миссия құрамындағы бітімгерлік контингенттердің басшылары қатысты.

Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымының бітімгерлік миссиясын өз бетінше орындауға мандат алуы – ел әскери қызметшілері дайындығының жоғары деңгейін және әлемдік аренадағы беделін мойындаудың дәлелі.

Мемлкеттік ту
ҚР Қорғаныс министрлігі

БҰҰ миссиясының мандатына сәйкес Голан биіктігінде 139 қазақстандық қарсылас тараптар арасында атысты тоқтату режимін сақтау міндеттерін орындайды.

- Қазақстанды мемлекеттен тыс жерде таныстыру - үлкен мәртебе және жауапкершілік, - деп атап өтті ұлттық бітімгерлік контингенттің командирі подполковник Жігер Аипов.