8 Мамыр 12:38

Президент «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды

Жеңіс күні
Фото: Ақорда
Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойды. 

Алматы, NEGE. Мемлекет басшысы елордадағы «Отан Ана» монументіне гүл шоғын қойып, Ұлы Отан соғысы жылдарында қаза тапқан жауынгерлердің рухына тағзым етті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Жеңіс күні
Ақорда

Содан кейін Президенттік оркестр Мемлекеттік әнұранды орындап, Құрмет қарауылының ротасы шараға қатысушылар алдынан сап түзеп өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев гүл қою рәсіміне жиналған жұртшылықпен жүздесіп, ардагерлерді Жеңіс күнімен құттықтады.