23 Сәуір 09:51

Тайваньда 6,3 балдық жер сілкінісі болды

Сейсмология институты
Фото: Фото: из открытых источников

Cейсенбі күні Бейжің уақытымен сағат 02:26-да Тайвань аралындағы Хуалянь уезінің жағалауында магнитудасы 6,3 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлады Kazinform.

Алматы, NEGE. Қытайдың сейсмологиялық желі орталығының мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы солтүстік ендік 23,70 градус және шығыс бойлық 121,68 градус координаталы нүктеде орналасқан. Гипоцентрі 10 км тереңдікте жатқан.

Хуалянь қаласында 350 000 халық тұрады.