27 Наурыз 01:11

Мәскеудегі теракт: Ресейлік тергеушілер күдіктілердің отбасынан жауап алу үшін Тәжікстанға барды

Терракт
Фото: Артем Геодакян/ ТАСС

26 наурызда ресейлік тергеушілер Crocus City Hall ғимаратына жасалған шабуылға күдікті төрт адамның отбасы мүшелерінен жауап алу үшін Тәжікстанға барды, деп хабарлады Kazinform.

Алматы, NEGE. Ашық түсініктеме беруге рұқсаты жоқ дереккөздердің айтуынша, Тәжікстан қауіпсіздік күштері отбасыларды Вахдат пен Хисар қалаларынан және Рудаки ауданынан ел астанасы Душанбеге әкелген.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, Тәжікстандағы «Крокустағы» терактіге қатысты тергеу жұмыстарының барысы мемлекет басшысы Эмомали Рахмонның «жеке бақылауында».

Ақпарат үшін, Тәжікстан президенті кеше, 25 наурызда «Крокустағы» шабуылды «қорқынышты оқиға» деп атап, ата-аналарды балаларының тәрбиесіне көбірек көңіл бөлуге шақырды.