3 Ақпан 17:26

Вирус қай өңірлерде өршіп тұр?

Фото:

Еліміздің 9 өңірінде коронавируспен сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсімі байқалады. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.

Алматы, NEGE. «COVID-19 коронавирус инфекциясымен дүние жүзінде жағдай күрделі. Жалпы республика бойыншада өткен жылдың қараша айынан бастап КВИ сырқаттанушылықтың өсуі желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 1,2 артуы байқалады. Орташа өсу үрдісі қаңтарда да сақталды. Желтоқсанмен салыстырғанда ауру 1,4 есе өсті. Сырқаттанушылықтың айтарлықтай өсуі Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстарында, Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында байқалады», – деді вице-министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында.

Вице-министрдің дерегінше, 3 ақпандағы жағдай бойынша республика бойынша КВИ оң нәтижесімен 190 359 науқас және КВИ теріс 48 005 жағдай, оның ішінде 10 840 бала оң нәтижемен тіркелді. Оның ішінде соңғы тәулікте КВИ (+) 1228 жағдайы және КВИ (-) 107 жағдайы, оның ішінде 154 КВИ (+), 10 КВИ (-) бала тіркеліп отыр.

«27 900 пациент емдеуді жалғастыруда, оның ішінде амбулаториялық емдеуде – 22 112, стационарлық емдеуде 5 788 науқас бар. Коронавирус инфекциясын емдеу үшін стационарларда 20 990 төсек-орын әзірленген. Республика бойынша инфекциялық төсек-орынның қамтылу көрсеткіші 28 пайызды құрайды. Инфекциялық стационарларда реанимациялық көмек көрсету үшін 1 884 төсек орын дайын, толуы – 20 пайыз. Реанимациялық төсектердің ең көп жұмыспен қамтылуы Алматы қаласында байқалады – 48 пайыз», – деді ол.

Ажар Ғиният қажет болған жағдайда қосымша 31 мыңға жуық төсек орнын ашуға мүмкіндік бар екендігін айтады.

«Бірінші кезекте халыққа жоспарлы көмек көрсетуді шектемеу үшін мамандандырылған көмек көрсетпейтін медициналық ұйымдар іске қосылады және ондай резервте 5 мыңдай төсек-орын әзірленген. Өткен жылы салынған 16 модульдік инфекциялық аурулар ауруханасының жалпы саны 3 000 төсектен тұратын 15 нысаны жұмыс істейді. Қалған 200 төсекке арналған бір стационарды ағымдағы жылдың ақпан айының соңына дейін ашу жоспарлануда. Ол Атырау облысында», –- деді вице-министр.

Тегтер: