4 Желтоқсан 08:38

Вакцина алтын бағасына әсер етті ме?

Фото:

ОПЕК елдері бір келісімге келді.

Алматы, NEGE. ОПЕК елдері бір келісімге келді. 2021 жылдың басында тәулігіне 7,2 млн баррель мұнай өндіріледі. Мұндай шешімге бірқатар елде басталған коронавирустың екінші толқыны себеп болған. Бұған дейінгі жоспарда өндірісті 5 млн 8 мың баррельге азайту көзделген еді. Жаңа келісім негізінде шикі мұнайды өндіру тәулігіне 500 мың баррельге дейін артады. Мамандар келесі жылдың сәуір айында өндірісті 2 млн баррельге дейін арттырмақ. Олар өткен тәжірибені ескере отырып, асығыс қадам жасамау қажеттігін қаперге алып отыр. Ұзаққа созылған келісім бағаның тұрақсыздығына алып келген болатын. Қазір Brent маркалы қара алтын 49 долларға жетті. Мамандар бұдан кейін доллар индексінің түсіп, мұнайлы валюталардың нығаятынына сенімді. Келісімді Қазақстан да қолдады. Қаңтарда тәулігіне миллион 417 мың тонна мұнай өндірілетін болады.

Елімізде биыл 18 мың тоннадан аса алтын өндіріледі. Мамандар қиындықтарға қарамастан өндірісті жылдағы көрсеткіштен төмендетпеуге бекініп отыр. Дегенмен, пандемия енгізген өзгеріс бар. Мысалы биыл зерлер тарапынан алтынға деген сұраныс азайып кеткен. Керісінше бағалы металл әлемдік банктер мен инвестициялық қорларға көп бөлінді. Биыл елімізде болжам бойынша жүз тоннадан аса өңделмеген алтын өндіріледі. Оның 60 тоннадан астамы тазартылған металл. Бұл туралы ірі тау-кен компаниясының бас директоры Қанат Досмұхаметов айтты. Оның пікірінше, бағалы металдың бағасы экономикалық факторларға емес, инвесторлардың пайымына қарай құбылады. Сондықтан олар тұрақты нарықтан көшіп жатыр.

'Коронавируске қарсы вакцинаның пайда болуы және АҚШ-тағы Президент сайлауында Джо Байденнің жеңуі алтынның құнына әсерін тигізді. Баға төмендеп жатыр. Демек инвесторлардың алтын сияқты тұрақты нарықтан тәуекелге толы капитал нарығына ауысуы заңды құбылыс. Сұраныс азайған соң, баға да түседі",  - деді ол.

Тегтер: