9 Қыркүйек 20:17

Скутердегі жасөспірім автокөлікпен соқтығысты

Фото:

Ақтөбе облысында скутер мен көлік соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. 7 қыркүйек күні сағат 18.00-де Мясоедов көшесі бойынша маркасы белгісіз скутердің 17 жастағы жүргізушісі Х.Доспанова көшесінен Черепанов көшесіне қарай келе жатып, ҚР жол-қозғалыс ережесін бұзып, кедергі немесе қауіп туындағанда қауіпсіз айналып өту кезінде 34 жастағы жүргізушінің басқаруындағы “Шевроле – Круз” маркалы автокөлікпен соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан кәмелетке толмаған жүргізуші Ақтөбе облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды. Жол көлік оқиғасы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Ақтөбе облысы Полиция департаменті автомобильді немесе мотоциклді басқарып келе жатып, жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы ұмытпауыңызды ескертеді. Есіңізде болсын, жолдағы кез-келген күтпеген жағдай қайғылы оқиға айналуы мүмкін.

Тегтер: