9 Шілде 10:36

Сарыағашта дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатқан дәріханалар анықталды

Фото:

 Елімізде дәрі-дәрмек бағасының күрт өсу деректеріне байланысты Сарыағаш ауданында да дәріханаларға мониторинг шаралары жүргізілді.

Алматы, NEGE. Аудан әкімі Мухит Отаршиев бастаған арнайы мониторингтік жұмыс тобы бірқатар дәріханаларға барып, дәрілердің бағасын бақылап қайтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Атырауда дәріханалар сағат 22.00-ге дейін жұмыс істейтін болды Атырауда дәрі-дәрмек бағасы қатаң бақыланады Қазақстандықтар ұялы қосымша арқылы дәрі-дәрмектің бағасына шағымдана алады Қазақстанда дәрі-дәрмек жеткізушілер арасында баға келісімі белгілері анықталды Арнайы топ аудандағы орталық базар маңында орналасқан 3 бірдей дәріхананы аралап, бірқатар кемшіліктерді анықтады.

Тексеру кезінде дәріханалардың бірінде кассалық аппарат болмаған, кейбірінің бағаларды тым қымбаттатып жібергені анықталды. Тағы бірінде қазіргі таңдағы сұранысқа ие дәрі-дәрмектер болмаған. Оған дәріхана иелері дәрі-дәрмектердің уақтылы жеткізілмеуін себеп болып отырғанын айтты. Бұл ретте аудан басшысы кәсіпкерлерге бағаны шектен тыс көтеру немесе карантиндік талаптар сақталмаған жағдайда заңға сәйкес жауапкершілікке тартылатындығын ескертті. Мұзхит Отаршиев сондай-ақ, мониторингтік шаралар барысында жергілікті халықпен де сөйлесті. Қандай дәрілер тапшылық туғызып отырғанын сұрап, бұл мәселені шешу жолдарын қарастыратынын жеткізді.

Тегтер: