5 Наурыз 17:34

Оңтүстік Кореядан келетін рейстер 8 наурыздан тоқтайды

Фото:

Нұр-Сұлтан қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы коронавирустық инфекцияға қарсы шараларды күшейту туралы» тақырыпта баспасөз мәслихатында Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев Қазақстанға келетін жолаушылардың тасымалын шектеу бойынша жаңа шаралардың енгізілгенін мәлімдеді. 

  Нұр-Сұлтан, NEGE. Қазір Оңтүстік Кореяда жүрген 35 мыңнан астам отандасымыздың 500-ге жуығы елге қайту туралы өтініш білдірген. Алайда, Үкімет шетел асқан отандастарымызды эвакуациялау жағдайын қарастырып отырған жоқ. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиевтің айтуынша, министрлік тарапынан бірсыпыра жұмыс істеліп жатыр.

«Бұған дейін Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық тұрақты рейс 2020 жылдың 3 ақпанынан бастап тоқтатылған еді. Махан-Эйр әуе компаниясының Алматы – Тегеран бағдары бойынша рейстері тоқтатылды. Алматы - Баку және Ақтау – Баку бағдары бойынша Әзербайжанмен арада аптасына 15 рейс бар болатын. Біз Алматы – Баку рейсін 5-тен 1 рейске дейін, ал Ақтау – Баку рейстерін 7-ден 1-ге дейін қысқарттық. 1 наурыздан бастап «Эйр Астана» мен оңтүстіккореялық «Asiana» әуе компаниясы орындап келген Нұр-Сұлтан мен Сеул арасындағы әуе рейстерін 9-дан 3-ке дейін азайттық. 8 наурыздан Оңтүстік Корея елінен келетін ұшақтардан тек Қазақстан азаматтары ғана қабылданады. Бізде транзиттік жолаушылар да бар. Біз барлық әуекомпанияларға да ескерту жасадық. Яғни, 8 наурыздан транзит арқылы да да келе алмайды» деді.  

Тегтер: