29 Қыркүйек 14:11

Нұр-Сұлтанда алты оқушы коронавирус жұқтырды

Фото:

Жаңа оқу жылы басталғалы елордада мұғалімдер арасында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмеді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «6 қыркүйектен бастап оқушылар арасында індет жұқтырудың алты жағдай тіркелді. Оның ішінде бір оқиғада бала мектепке барып жүрген, қалған бесеуі қашықтан оқыту тәртібінде білім алды», - деді Пралиева баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, байланыста болған адамдар тексеруден өткен. «Барлығында індет анықталмады. Жалпы 13 бала мен 6 мұғалім тексерілді. Мектепте дезинфепкция жүргізіліп, балалар мен мұғалімдер үйде карантинде болды», - деді ол.

Сонымен қатар,  Пралиева мектеп мұғілімдері арасында коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелмегенін айтты.

Тегтер: