28 Сәуір 20:20

Қырсығам деп сегіз жылға жүргізуші құқығынан айырылды

Фото:
Екібастұз қаласының тұрғыны медициналық куәландырудан өту

ден бас тартқаны үшін сегіз жылға жүргізуші құқығынан айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Карантиндік аумақты, көшеде патрульдеу кезінде Әуезов көшесі бойынша Екібастұз қалалық полиция бөлімшесі қызметкерлері “Фольксваген” көлігін басқарған 28 жастағы жүргізушіні ұстады. Кеншілер қаласы тұрғынының әрекеті тәртіп сақшылары арасында күдік тудырды, есірткіге мас болу белгілері пайда болды. Ол сауалнамадан бас тартты. Ер адамға қатысты төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін 476-баптың 9-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен ескерту жасалды. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 4-тармағы бойынша әкімшілік материал жасалды – ішкі істер органдары (полиция) қызметкерінің, көлік құралын жүргізетін адамның алкогольдік, есірткілік және (немесе) есірткілік мас күйін тексерудің белгіленген тәртібіне сәйкес заңды талабын орындамауы. Сот құқық бұзушыны 15 тәулікке әкімшілік қамауға алып, сегіз жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырды. Көлік Екібастұздағы мамандандырылған автотұраққа қойылды. Бүгінгі таңда тәртіп сақшылары режимді бұзудың және төтенше жағдай жариялауға байланысты мемлекеттік орган белгілеген талаптардың орындалмауының 1099 фактісін анықтады.

Тегтер: