USD
USD
USD

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталды

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданында су тасқыны жағдайы тұрақталды.

ОКҚ
Фото: ОКҚ

Алматы, NEGE. «Тәулік бойы жүргізілген алдын алу жұмыстарының арқасында су басқан барлық тұрғын үй аумақтарынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. Барлығы 370 қап төселіп, 1 335 тонна инертті материал төгілді, мотопомпалардың көмегімен 27 800 текше метр су сорылды. Жалпы, облыстың өзендеріндегі су деңгейі сыни белгіден аспайды», - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында өткен брифингте.

Атырау облысында бөгеттерді нығайту жұмыстары жалғастырылуда. Соңғы 5 күнде Құлсары қаласында 176 үйден судың бағыты бұрылып, су сорылды. Мотопомпалардың және жылжымалы сорғы станциялардың көмегімен қалған су басқан 180 үйден су сору жұмыстары жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары жалғастырылуда.

«Республика бойынша 8 378 тұрғын үй мен 2 994 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 48 750 адам өз үйлеріне оралды», - деді спикер.

Қазір оқып жатыр

Алматы – Қорғас тасжолындағы көлік апаты: тағы бір адам ауруханада көз жұмды

жол апаты

Қара тізімге енген Alibaba Пентагонды сотқа берді

Alibaba

Еуроодақ заңсыз мигранттарды Қазақстанға жіберуі мүмкін бе: СІМ жауап берді

СІМ

АҚШ-та жұмбақ жағдайда қайтыс болған қазақстандық жігіттің денесі елге әкелінді

Әсет Құралбай