29 Қыркүйек 14:34

Есірткі сатқан ер адам қамалды

Фото:

Түркістан облысының полицейлері есірткі сату бойынша күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE.  Сайрам АПБ кезекші бөліміне ауыл тұрғындарының бірі есірткі заттарын өткізумен айналысатыны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған жайт СДТБТ-де ҚР ҚК 297-бабы (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу) бойынша тіркелді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сайрам АПБ-ның жедел уәкілдері есірткі сатты деген күдікпен жергілікті тұрғынды ұстады. Жедел уәкілдер күдіктінің үйін тінту кезінде белгілі бір иісі бар, есірткі заттары бар орамаларды тауып, тәркіледі. Сараптамаға сәйкес, тәркіленген есірткі салмағы шамамен бір грамм болатын “героин” және екі грамм болатын “кептірілген марихуана” болып шықты. Қазіргі уақытта есірткі құралдарының заңсыз айналымы дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амаллары жүргізілуде. Ер адам қамауға алынды.

Полицейлер оқиғаның мән-жайын және ұсталған адамның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтап жатыр. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарға есірткіні заңсыз сақтау және таратумен байланысты қылмыстарды жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны туралы ескертеді. Тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына зиянды әдеттерден бас тартып, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Егер сіз осындай қылмыстардың куәгері болсаңыз, тез арада “102” нөміріне қоңырау шалыңыз.

Тегтер: