23 Қыркүйек 15:20

«Эйр Астана» ұшағы бір сағаттан бері Алматы аспанында ұшып жүр

Фото:

«Эйр Астана» ұшағы Алматының аспанында бір сағаттан астам уақыт ұшып жүр. 

Алматы, NEGE. Алматы әуесінде қона алмай жүрген ұшақ туралы ақпарат әлеуметтік желілерде жарияланды. Бізге жеткен ақпаратқа қарағанда, Алматының үстінде ұшып жүрген ұшақ бір сағаттан бері айналшақтап жүр. Неге? Бәлкім, жанармайын тауыса алмай жүр ме? Қонайын десе, техникалық жағынан ақау анықталуы да мүмкін. Алайда, кейбір ақпаратқа қарағанда, ұшақты жаңадан жүргізіп жүрген ұшқыштар жаттығып жүрген көрінеді. Қалай десек те, ұшақ аман-есен қонса болды.

 Сонымен қатар, кей БАҚ беттерінде «Эйр Астана» әуе компаниясының 13:05-те Дели қаласына ұшып шыққаны жазылған. Flightradar24 ресурсының ақпаратына сәйкес ұшақ қаланың үстінде бірнеше рет айналған. Алайда бұл ақпаратты әуе компаниясы жоққа шығарды.

Тегтер: