25 Ақпан 15:07

Басқадан екі бала туып, күйеуінен 5,5 млн теңге алимент талап еткен келіншектің өтірігі шығып қалды

Фото:
"Астарлы ақиқат" бағдарламасына осыдан 77 күн бұрын келіп екі баласы үшін алимент талап еткен түркістандық Аягөз ханымның болжамы бұрыс шықты. 

ДНК сараптамасының нәтижесінде Әдемі мен Исаның әкесі Ибабулламен биологиялық туыстық қарым-қатынас көрсеткіші 0% -ды көрсетті. Яғни Ибабуллам мырзаның екі балаға да қатысы жоқ. Аягөз ханымның алимент талап етуге еш құқығы жоқ екені расталды, деп хабарлайды caravan.kz.

Алматы, NEGE.  Ашуға булыққан Аягөз студиядан шығып кетті. ДНК сараптамасына сатып алды деп жазғырды. Жазықсыз балалардың шын әкесінің кім екендігі сол бойы құпия болып қала бермек. Өткен жылдың соңында бес баланың анасы бұрынғы күйеуінен кішкентай екі бала үшін 5.5 млн теңге алимент өндірмекші болады. Ал бұрынғы күйеуі Ибабуллам екі баланың өзінен екендігіне күмәнмен қарап ДНК сараптамасын талап етеді, ал келіншек болса әу баста тест тапсыруға үзілді кесілді қарсы болады. Ақыры  әрең дегенде ДНК сараптамасын өткізуге келісім берген еді. Дегенмен кейін Аягөз сол кеткенен  мол кетіп, 77 күн бойы таптырмай кетеді.

Ибабулла 5 баланың тек екеуін ғана өз балам деп мойындап отыр. Тағы екі баланы өзінен емес деуінде себеп бар екен. Себебі бұрынғы әйелі Аягөз бірге тұрған кездері сан мәрте кетіп қалып жүрген көрінеді. Арасында өзге еркектермен де бірге тұрған сыңайлы. 

11 жастағы Әдемі атты қызбен 9 жастағы Иса атты ұлының ДНК сараптамасы дайын болып, ақиқатты білер алдында жүргізушісі анасынан һәм күдікті әкесі Ибабуллаға мына сұрақты қойды:

"Егер екі перзент сіздікі болып шықса не істейсіз?"

"Егер екі перзенттің әкесі мен болсам, талап еткен 5,5 млн теңгені екі жылдың ішінде тауып төлеп беремін. Ал меннен емес болса ештеңе жасамаймын. Аягөзге қарсы ешқандай іс қозғамаймын, бастысы бақытты болсын",- деп жауап берді Ибабуллам мырза.

Ал анасы Аягөз:

"Екі бала осыдан болса мен алиментті 12 жылға талап етемін. Ал болмаса кешірім сұраймын. Дегенмен осыдан басқа ешкімді көріп тұрған жоқпын,  әкесі осы", - деп алған бетінен қайтпады.

Тегтер: