10 Наурыз 10:18

Астанада – жауын-шашын, Алматы мен Шымкентте – күн ашық

Фото:
Нұр-Сұлтанда дүйсенбі күні жаңбыр және қар күтіледі, Алматы мен Шымкентте – жауын-шашынсыз, деп хабарлады ҚазТАГ  «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне cілтеме жасап.


Алматы. NEGE. Нұр-Сұлтанда құбылмалы бұлтты, күндіз жауын-шашынды (жаңбыр, қар), батыстан 7-12 м/с жел тұрады. Күндіз -1-3, түнде -6-8.
Алматыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, батыстан 0-5 м/с жел тұрады. Күндіз +5+7, түнде -2-4.
Шымкентте құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз, оңтүстік-шығыстан соққан жел батысқа ауысады, екпіні 9-14 м/с. Күндіз +11+13, түнде 0-2.

 

Тегтер: