11 Қыркүйек 19:30

Алматыда демалыс күндері қоғамдық көлік жүре ме?

Фото:

Алматыда алдағы демалыс күндері 12-13 қыркүйекте қоғамдық көлік жұмысы қалай жүзеге асырылатыны белгілі болды.

Алматы, NEGE. Қалалық әкімдік өкілдерінің айтуынша, демалыс күндері қоғамдық көлік әдеттегідей, яғни 06:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істейді. 

Еске салайық, Қазақстанда карантин режимі жеңілдей бастағанына қарамастан кейбір шектеу әлі де сақталған. Алматылықтар 1 қыркүйекте мереке және демалыс күндері сауда орталықтары жұмыс істеп тұрғанымен автобустардың тоқтап тұрғанына наразы болған еді. Артынша қоғамдық көліктердің жұмысы 5-6 қыркүйек күндері жанданған болатын.  

Тегтер: