12 Ақпан 13:58

Алматы полициясы «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға үндеу жасады

Фото:

Алматы қаласының полицейлері «L-Капитал» компаниясынан зардап шеккен салымшыларға үндеу жасады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Алматы қаласының Полиция департаменті, қазіргі уақытта Алматы қаласы Полиция департаментінің Тергеу басқармасы салымшылардың ұжымдық өтініштері негізінде сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқанын хабарлайды.

Ведомствоаралық тергеу-жедел тобы құрылды. Компанияның кеңселерінде санкцияланған іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Толықтылық, объективтілік және жан-жақтылық принциптерін қатаң сақтай отырып жүргізілген тергеу әрекеттері кешені барысында мән-жайлар анықталып, процессуалдық шешім қабылданады.

«L-Капитал» компаниясы басшылығының әрекетінен зардап шеккен азаматтар Алматы қаласы ПД Тергеу басқармасына өтінішпен жүгінуі немесе мына телефондарға қоңырау шалуы қажет: 8-701-624-28-24; 8-702-626-7797.

Тегтер: