21 Сәуір 13:59

Алдағы күндері қайтадан күн жылынады

Фото:

"Қазгидромет" синоптиктері 22-24 сәуірде Қазақстанда күн жылынатынын мәлімдеді.

Алматы, NEGE. Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері антициклонның әсері еліміздің басым бөлігінде сақталады, сондықтан ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Сонымен қатар, биіктік жотасы республика аумағы арқылы батыстан шығысқа қарай жылжып, ауа температурасының көтерілуіне ықпал етеді.

"Тек еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында, атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен тұрақсыз ауа райы болжанады. Кей жерлерде жаңбыр мен қар түрінде жауын- шашын болады, кейде найзағай ойнайды, бұршақ жаууы мүмкін. Республиканың жекелеген өңірлеріне тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрады", - деді синоптиктер.

Тегтер: