4 Тамыз 08:36

30 мыңнан астам медициналық қолғапты заңсыз тасығандар ұсталды

Фото:

 Қостанай облысында медициналық бұйымдарды сатпақ болғандар қолға түсті, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Алматы, NEGEРеспубликалық 1424 колл-орталығына куәгерлерден «Газель» автокөлігімен медициналық бұйымдарды тасымалдағандар бойынша анонимді қоңырау келіп түскен. «Сол күні медициналық заттарды әкетіп бара жатқан көлікті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері облыс орталығынан шығар жолда ұстады. 16 қорапқа бір рет қолданылатын қолғап тиеген автокөлік ел астанасына қарай бағыт алған, одан әрі тасымалдаушылар тауарды басқа тұлғаға беру керек болған.

Қораптарға барлығы 30 мыңнан астам медициналық қолғап салынған, олардың орташа құны алдын-ала есептеулер бойынша жарты миллион теңгеден асады»,- делінген агенттік хабарламасында. «Газель» жүргізушісінде жүк тасымалының заңдылығын растайтын қандай да бір құжат болмаған. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 214-бабымен (Заңсыз кәсіпкерлік қызмет) іс қозғалды. Бұл істі облыстың экономикалық тергеу қызметі бақылауына алды. 

Тегтер: