АҚШ-та атыстан тоғыз адам көз жұмды
АҚШ-тың Калифорния штатында тағы да атыс. Белгісіз біреу таңғы сағат 6 шамасында Сан-Хосе қаласындағы депода оқ атып, 8 адам көз жұмды.
Алматы, NEGE. Артынша қылмыскердің өзі де оққа ұшты. Жергілікті полиция өкілдері оқ атқан қылмыскер 57 жастағы Самуэль Кассиди есімді азамат деп мәлімдеді. Оның бұл әрекетке не себепті барғаны әлі беймәлім. Айта кетсек, жыл басынан бері АҚШ-та 200-ге жуық атыс оқиғасы тіркелді.
Санта-Клара округінің шерифі Лаури Смит: "Күдіктіні құрықтау барысында ол қарсылық танытып, белсенді түрде оқ алмасу болды. Ол уақытта депоның екі ғимаратында да қылмыскердің қолынан бірнеше адам қаза болған еді. Сосын арнайы жасақ ғимараттың ішіне кіре берген сәтте қылмыскер қауіпті сезіп өзін өзіне қол жұмсаған көрінеді" деді.
Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом: "Бүгін үлкен трагедия болды. Бірақ мойындау керек АҚШ әлемдегі бірде-бір елде жоқ сұмдықты бастан кешіп отыр. Атыс қаруына қатысты өзгеріс керек. Өткенде ғана тура осындай атыстың болғанын айтып, мәсені көтерген едік. Одан бері түк те өзгерген жоқ. Бүгін, міне, тағы да адамдар қайтыс болып жатыр. АҚШ-тағы кез келген штатты алып қарасаңыздар атыс қаруының қатысуымен болып жатқан қылмыстарлды көре аласыз. АҚШ қайда құрып бара жатыр" деді.