20 Шілде 10:46

Жеңіл атлетикадан Токио Олимпиадасының жарыс кестесі жарияланды

Фото:

World Athletics ресми сайтында келесі жылы өтетін Токио Олимпиадасындағы жеңіл атлетика кестесі жарияланды деп жазады Olympic.kz.

Алматы, NEGE. Кестеге сәйкес, Олимпиада тарихында алғаш рет әйелдер мен ерлер марафоны жеңімпаздарын марапаттау сәті жабылу салтанатында ұйымдастырылады. Айта кетсек, Токио Олимпиадасында жеңіл атлетика додасы 2021 жылдың 30 шілдесінде басталады. Алғашқы жарыс күнінде ерлер арасында 3000 метрге жарысушылар бақ сынайды. Ал 8 тамыз күні ерлер марафонымен жеңіл атлеттер бәсекесі аяқталады.

Жеңіл атлетикадан медальдар жиынтығы көп таратылатын күн сенбіге келіп тұр. Яғни, сенбіде ерлер арасында диск лақтырудан үш финалдық сын, әйелдер арасындағы 100 метрге және 400 метрге эстафеталық жарыс жоспарланған. Сондай-ақ, 7 тамыз күні жеңіл атлетикадан тағы жеті жүлде өз иесін табады. 31 шілде, жексенбі күні 25 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оның ішінде, ерлер арасындағы 100 метрлік сын да бар.

Тегтер: