13 Желтоқсан 08:12

Ресей спортшыларын Олимпиадаға мүлдем қатыстырмауды сұрады

Фото:

Бүкіләлемдік допингке қарсы агенттіктің (WADA) Атлеттер комитеті 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадалық ойындарға Ресей спортшыларын мүлдем қатыстырмауды талап етіп отыр.

Комитеттің басшысы канадалық Бекки Скотт бастаған тоғыз мүшесі ресейлік спортшыларды алдағы екі олимпиада ойындарына қатыстырмауға шақырды. Олардың айтуынша, «мемлекет атынан қатыспағанның өзінде, Ресей билігі өз спортшылары арқылы Олимпиада комитетінің ішкі тәртібін бұзудан тыйылмайды».

Ресей спортшыларын «таза» және «таза емес» деп қарастырмай, оларды, тіпті, бейтарап ту ұстап қатысу құқығынан да айыруды жөн көрген Атлеттер комитеті антидопингтік санкцияны қызу қостап отырған АҚШ пен Ұлыбританияның допингке қарсы агенттіктерімен ымыраласты.

Тегтер: