11 Наурыз 13:10

Исламхан «Әл-Айн» командасындағы алғашқы голын соқты

Фото:

Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан «Әл-Айн» сапында алғашқы голын соғып, командасына финалға шығуға көмектесті, - деп хабарлайды Vesti.kz. 

Алматы. NEGE. Жартылай финалда Исламханның командасы сырт алаңда «Әл-Шаржаны» 3:2 есебімен жеңді. 4-минутта венгр Балаш Джуджак «Әл-Айнды» алға шығарған, Исламхан 32-минутында алыстан әдемі гол соқты. Ал 38-минутта «Әл-Айн» сапынан Кайо Корреа көзге түсті. «Әл-Шаржа» сапынан 12-минутта Маркус Мелони, 42-минутта Лукас Кайо гол соқты. 

Бұл матчта Исламхан 93 минут ойнап, қосымша уақытта алмасты.

Тегтер: