9 Ақпан 23:50

Игорь Сон алтын алды 

Фото:

Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында ауыр атлетикадан халықаралық ынтымақтасты біріншілігі өтіп жатыр. Бүгін турнирдің алғашқы жарыс күні аяқталды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алматы, NEGE. Жарыста Қазақстан атынан сынға түскен Игорь Сон алтын жүлдеге ие болды. 61 келіде сынға түскен ол қоссайыс қорытындысы бойынша 286 келіні бағындырған. Сон жұлқа көтеруде 130 келіні, серпе көтеруде 156 келіні еңсерді. 2-орында Малайзия спортшысы Мұхамад Анзила Бин Бидиннің жалпы нәтижесі 283 келі. 3-орынды Сейітжан Мирзаев (Түрікменстан) 280 келі нәтижемен иеленді.

 

Тегтер: