22 Қаңтар 16:37

АҚШ-та баскетбол матчы жаппай төбелеспен аяқталды (видео)

Фото:

«Канзас» және «Канзас Стэйт» университеттік баскетбол командаларының  кездесуі жаппай төбелеспен аяқталды. Тәртіпсіздіктерге жанкүйерлер де қатысқан. Төбелескендер бір біріне орындықтар лақтырған.

Алматы, NEGE. Оқиға «Канзас» командасы «Канзас Стэйт» командасын қабылдаған ойынның соңғы сәттерінде болған. Жеңіліп жатқан қонақтардың ойыншысы допты қағып алып, оны торға лақтырмақ болады. Бірақ қарсылас команданың ойыншысы Сильвио Да Соуза кедергі келтіреді. Қақтығысып қалған екеудің текетіресіне алдымен ойыншылар, соңынан бапкерлер де қосылып кетіпті. Мұны көрген қос команданың жанкүйерлері де төбелеске қойып кеткен. Төбелес барысында Да Соуза тіпті қарсыласын орындықпен ұрмаққа ұмтылғанымен, оның қолынан орындықты алып үлгеріпті.

Университет командаларының басын біріктірген NCAA (Студенттік спорттың ұлттық Қауымдастығы) лигасы АҚШ-та кең танымал. Бұл ұйымның жылдық табысы бір млрд доллардан асып жығылады.

Тегтер: